«Қарғам» деші – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте ««Қарғам» деші» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Қарғам» деші,
Толқын-толқын ағылсын арман көші.
Жанкешті боп өтейін жалғанда осы.
Демейсің бе?
Ал онда:
«Қарашаның қол бұлғап қалған кеші
Жалған» деші.

«Тәттім» деуші ең,
Аялауға жаралған ақ гүлдерше,
Маңдайыма гүлдесте таққым келсе,
Тосырқама тосыннан келген кім деп,
жат біреуше.

Үмітті еткен,
Күліп келіп, тағы да күліп кеткен,
Қызық көктем.
...Ойламауым өзіңді мүмкін емес,
Себебі,
Сен жайлы ойлар қаныма сіңіп кеткен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері