Өлең, жыр, ақындар

Мен әйелмін

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 676
Мен әйелмін,
жанымда қырық шырақ,
Ешкімге енді бармаймын үміт сұрап.
Саналыға салмағы батпан өмір,
Ақымаққа, шіркін-ай, қызықтырақ.
Мен әйелмін
жылайтын күліп тұрып,
Жүрекке ауыр жүк артар біліп тұрып.
Ай мен Күндей ажарлы, дертті жүрек,
Хан қызындай салынған қырық құлып.
Мен әйелмін
жанардан жылу күткен,
Айна алдында сырластым сұлулықпен.
Кеше неге, білмеймін, жери бердім
Пешенеме бұйырған бір үміттен.
Мен әйелмін,
таусылмас аңсар әнім,
Мөлдірлікке мөлт етіп тамса жаным,
Тазалыққа талпынған барым деп ұқ.
Құшағына қапсырып алса жалын,
Өртке оранып жатып та тамсанамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің жаным - сезімдердің шырағы

  • 0
  • 0

Менің жаным - сезімдердің шырағы,
Менің жаным - төзімдердің тұрағы.
Газдар түзген Галактика төсіндей
Сағыныш Намазшамова

Толық

Дегбір таппай дедектеткен күш қандай

  • 0
  • 0

Дегбір таппай дедектеткен күш қандай,
Айырмайтын шақта ненің не екенін.
Ғашық жүрек көкке қарай ұшқандай,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Алғашында бөлеп мені күйге ерен

  • 0
  • 0

Алғашында бөлеп мені күйге ерен,
Ал соңынан сүлдерімді сүйреген
Сізге деген сағынышым арқылы
Сағыныш Намазшамова

Толық