Ағады Ақсу баяу ғана
Бұл бетте «Ағады Ақсу баяу ғана» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағады Ақсу баяу ғана,
Шалқымайды, тасымайды.
Жағасында жан тыншиды,
Қалсам ба екен басыбайлы?!
Қашсам солай жан мұңынан,
Шаһардың шу-гүрілінен,
Болар ма екен дерт меңдеген
Жүрегімнің дірілі кем?!
Жал толқындар жымың қағып,
Жарысады ойнап ағып.
Жылылықты біз қалайша
Толқын құрлы ойламадық?!
Торықпайды жатса дағы
Толқын басын тасқа соғып.
Біз де сондай мықты болсақ
Қиындықтан қашпас едік.
Салқындатшы санамды енді,
Тербет, өзен, әлдилеші,
Әніңе ұйып ұйықтап кетсем,
Білем, дерттен жан күймесін.
Ағады өзен, оралмайды,
Уақыт деген ауыспалы.
Сен де арнаңа түссеңші енді,
Өмірімнің ағыстары!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі