Бұл бетте «Өткенді елес қып, есті із ғып» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өткенді елес қып, есті із ғып,
Түйіскен жолдарды кеш түздік.
Мұнымыз ессіздік емес тек,
Мұнымыз – шексіздік.
Жуымай қойса да жеңіс түк,
Біз — Жердің нүктесі ең ыстық.
Екеуміз жасаған бір әлем,
Ол әлем – кеңістік.
Мұң атып, біресе гүл атып,
Жылатып, біресе жұбатып
Жүретін біздерді
Баяғы – уақыт.
Аз күндер, жаз күндер — азық-құт,
Наз күндер жіберді нәзік қып.
Кеңістік қанша кең болса да,
Мен саған оралам,
Жазықтық.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі