Қызыл көйлек
Бұл бетте «Қызыл көйлек» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыз келеді кигені қызыл көйлек,
Қызу тірлік жалғанды үзілмей кеп.
Қызыл көйлек қызыдырып көңіл отын
Кей жандардың көкейін кеміретін.
Қызыл деген от екен ойран етер,
Ойран етер салдың-ай ойға бекер
Сескенбегін қызылдың басқы мәні-
Алауға жалау болған жастық әні.
Қызыл деген құлшыныс лапылдаған,
Қаймықпайтын қайсарлық батыл қадам.
Қызыл деген өмірге құштар адам,
Осы түстен қуат пен күш тараған.
Қызыл кидім, несіне сөз қыласың?
Басқа киіп қайсысын озды басың?
Қызыл көйлек тағы да киіп келем,
Өрттей болған өмірді сүйіп келем.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі