Алтыным, сүрінгенің, құлағаның
Бұл бетте «Алтыным, сүрінгенің, құлағаның» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алтыным, сүрінгенің, құлағаның –
Бекітіле бастауы бұғананың.
Жер-ананың жылуын сезін солай,
Сүйегені не болар бір ананың.
Құлыным, құлағаның, жылағаның –
Шырқағаның қосылып бұлақ әнін.
Кең даланың дауысын ұғынып өс,
Тербеткені не болар бір ананың.
Анау не, мынау не деп сұрағаның –
Дүниенің тетігін бұрағаның.
Үлкен ұстаз өмір ғой, үлгеріп қал,
Үйреткені не болар бір ананың.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі