Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап

Бұл бетте «Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап,
Жансыз дәптер жан досыңа татымақ.
Ақтармасын.
Тапталмасын табанда,
Жүрек сырын жайып салған жапырақ.
Парағынан қарайды бір күліп күн,
Ұмсынады, құлшынады бір ұшқын.
Уақытымды кенде қалған елемей,
Бақытымды бейнелеуге тырыстым.
Бір парақта лап етуге асықты от,
Қайта жанды бір алауын басып кеп.
Базар-ғұмыр қыздырғанда көрігін,
Ғазал жырым жазылады ғашық боп.
Бір бетінде таңырқадым, торықтым,
Бір бетінде залымдықпен жолықтым.
Күрсінбеуге, сүйенбеуге төселіп,
Білсін деуге, сүйем деуге қорықтым.
Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап,
Жансыз дәптер жан досыңа татымақ.
Ақтармасын.
Тапталмасын табанда,
Жүрек сырын жайып салған жапырақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері