Мойындау

Бұл бетте «Мойындау» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.12.2015
  • 0
  • 0
  • 7557
"Аз ата" деп сөкпегін,
ағайыным көп менің...
Күйбеңдемес күні үшін
күрескердің бәрі де -
жастары да, кәрі де -
бәрі менің туысым.
"Аз ата" деп сөкпегін,
Ағайыным көп менің!
Ауа баспас пұл
үшін
Адалдардың бәрі де -
жастары да, кәрі де -
бәрі менің туысым.
"Аз ата" деп сөкпегін,
Ағайыным көп менің!
Ғарыштың да қуысын,
тарихтың да тынысын
оймен шарлап, сыр түйген
ғалымдар да туысым...
"Аз ата" деп сөкпегін,
ағайыным көп менің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мойындау өлеңінің авторы кім?

Мұзафар Әлімбаев — осы өлеңнің авторы.

Мойындау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мойындау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұзафар Әлімбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мойындау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері