Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп,
Жылап жатыр қара жерді тепкілеп.
Жұбатуға сергек самал ептірек,
Құрғатуға тамшыларды өпті кеп.
Жер-дүние жайқалсын да құлпырсын,
деп құшағын жайды бізге бір тылсым.
Көк оянып Күнге қарай ұмтылсын,
Серпіп тастап топырақты бір шымшым.
Бұл көктемде алапат бір күш барын,
Сездім қайтып оралғанда құстарым.
Естіледі алау Күнге құштар үн,
Пай-пай, шіркін,
неткен ғажап ұстаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері