О, өтірік – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «О, өтірік» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 10154
О, өтірік!
Сары алтын сақаң қайсы?
Сақам бар деп бекерге қоқаңдайсың.
Сен мықтысың,
Ол рас.
Бірақ, бірақ
Мен күзеткен жерден сен өте алмайсың.
Өтірікке төзбейді
Болашағым.
Алдау барда тумайды тамаша күн.
Бәрін іркіп,
Майданға бара жатқан
Составтардай
Шындыққа жол ашамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері