Анама
Бұл бетте «Анама» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 07.09.2024
- 0
- 0
- 2701
Сен барда балалық бақыттың тарқамас базары,
Анашым!
Сияпат құрметім аз әлі.
Бара алмай жүрсем де Меккеге арқалап,
Білемін,
қалқайып жүргенім сен үшін салтанат.
Белгілі, қашанда шың біреу, етек көп,
Сол шыңға үмітің келеді жетектеп.
Арқамда парызым,
алдымда ақ үміт,
Астымда сенімді арғымақ ары нық.
Мойныма сен артқан салмақты үмітің.
Жыраққа,
тұғырлы тұраққа жетелеп күні-түн.
Жұмақты мекен боп жүргенде ой бағы
Сол үміт кеудемнен итеріп кетпесе болғаны.
Анашым,
жүрме тек бізді ойлап жүдеп тым,
Мен жалғыз емеспін,
жанымда жыр-екпін.
Жүректің қас жауы – нұрсыз Күн, тоңғақ Ай,
Арымның сыншысы – Ақ үміт,
Алдамшы болмағай!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі