Өлең, жыр, ақындар

Қарашаның қара суық кеші бір

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 536
Қарашаның қара суық кеші бір,
Ойға оралтты сол бір жанның есімін.
Жауыннан ба, қауымнан ба,
Қолшатырға тығылдым,
Алға аттадым... сұрап тұрып кешірім.
Алға аттадым, аттағам жоқ ала жіп,
Күздің кеші сенбей тұр-ау сазарып.
Жыр тілейін, сілкінейін,
Жансыз жапырақтарын
Желге ұшырған ағаштай боп тазарып.
Не қылайын қарашаға өкпе артып,
Жапырағын жер ететін, жоқ тәртіп.
Ұяңдығым, қиял-мұңым
Ұрдажықтар ұқпайтын,
Үйренсемші мінезіңді сотқар, тік.
Қапсырады сансыз ойлар қамалап,
Жан сырымды жаяр едім саған-ақ.
Жемісін де, жеңісін де
Тауысып алған қарашам,
Қолшатырды жинап алдым,
Мұңымды шай, жаңбырыңа қанағат.
Қуаныш та қостан екен, жұт егіз,
Асықпағын, бастан кешіп бітеміз.
Көңіл де ояу. Қоңыр бояу
Екеумізде тым басым,
... Қайтуші едік?!
Аппақ қарды күтеміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлт жылауық, Ай менмен, күлегеш Күн

  • 0
  • 0

Бұлт жылауық, Ай менмен, күлегеш Күн,
Жел жүгірді соңынан бір елестің.
Қасиетінен қара Жер айнымасын,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Өтеді талай ғасыр

  • 0
  • 0

Төңкерілген көк күмбез, ақ аспаным,
Талпынады сен жаққа сан асқарым,
Көрдім шыңның көкпенен таласқанын,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Мезгілімді білгім келіп құлшынып

  • 0
  • 0

Мезгілімді білгім келіп құлшынып,
Күн сағат қып қадап қойдым бір сырық.
Сол елеусіз бір сырықтың маңында
Сағыныш Намазшамова

Толық