Қымызда да қымыз бар
Бұл бетте «Қымызда да қымыз бар» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 11.09.2024
- 0
- 1
- 1024
Қымызда да қымыз бар,
Қымыз – қуат,
Қымыз – нәр...
Қымыз – сусын шөл басар,
Жанға – шипа,
Шырын, бал!..
Қасиетін,
Атауын,
Білген дұрыс мұның – дәл!..
Дәуірлеген атағы,
Қымыздың көп атауы...
Оны: ашулы, жуас деп,
Жіктеп бөліп жатады.
Тойда – Қымызмұрындық,
Дәстүр, салтты ұғындық:
Мерекесін –
Қымызсыз
Өткізбейді бүгін жұрт...
Қымызда да қымыз бар,
Қымыз – қуат,
Қымыз – нәр...
Қасиетін,
Атауын,
Білген дұрыс мұның – дәл!..
Жарысқазан
Өлеңдері керек