Көктем келіп

Бұл бетте «Көктем келіп» атты Сұлтан Қалиев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Талдар көктеп, жер көктеп,
Көктемді ауыл қарсы алды.
Құстар келді лек-лек боп,
Келе сайрап, ән салды.
«Құс көктемде ән салып,
Жұп іздейді әнімен», –
Дегенді оқып,
Тамсанып,
Бірде мен таң қалып ем.
Ләззат сыйлап адамға,
Ән сап жатыр барша құс.
Көктем келіп,
Ағам да
Болып алды ән салғыш.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем келіп өлеңінің авторы кім?

Сұлтан Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Көктем келіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем келіп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем келіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері