Нөсер
Бұл бетте «Нөсер» атты Адырбек Сопыбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 20.09.2024
- 0
- 0
- 1222
Іркес-тіркес ығысқан
Бұлттар үлкен аймақты ап,
Шыға келді шығыстан
Ақ тайлақтай ойнақтап.
Түйіліп кеп қабағы,
Қаптап алды аспанды.
Сатырлатып даланы
Аппақ нөсер басталды.
Үй үстінен аунады,
Тамшы жерге секірді.
Менің апам ауланы
Жуып жүрген секілді.
Су дегенің шүмектеп,
Сорғалайды тамшылап.
Шыбық атты біз ерттеп,
Шауып кеттік қамшылап.
Шаңын жуды лезде
Діріл қаққан жапырақ.
Ойдым жерде бір кезде
Көлшік тұрды жалтырап.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі