Арша дейтін ағаш бар – Өтебай Тұрманжанов

Бұл бетте «Арша дейтін ағаш бар» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арша дейтін ағаш бар,
Тасты жарып шығатын.
Бір қарысын аталар
Тіс тазартқыш қылатын.

Жанап кетсең жанына,
Жұпарын сыйлап себетін,
Қайсарлық құйып қаныңа,
Батырлық дәнін егетін.

Аталар сүйген ағашты
Қалаға әкеп егейік.
Жанынан өтсе жарасты
Жұбайға жұпар себейік.

Жас аршадай жұпарлы,
Жігерлі болсын жасымыз.
Оқуға салып құмарды
Білімге толсын басымыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері