Туған жердің салқын тартқан құшағы – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Туған жердің салқын тартқан құшағы» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Туған жердің салқын тартқан құшағы,
Жат көре ме баласын?
Таныс аула табанымды құшады,
Жасыра алмай наласын.

Ауыл-сырқат түксиеді, түнеріп,
Шұрқ-тесік шапанына оранып.
Жан дүнием әлди-әуен тіленіп,
Қайтып барам тоналып.

Құрты қайнап пісілетін күбісі,
Берекесі безген екен үйімнен.
Анамның да баяулапты жүрісі,
Демін әзер алады екі иінінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері