Перi кiм?! – Құралай Омар

Бұл бетте «Перi кiм?!» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 709
Перi кiм?!
Сөздерiңе ме?
От шашқан әлде көздерiңе ме?
Ерiдiм...
Қиялымда тербетiп,
Жанарымның ақша бұлтын селдетiп,
Серiгiм,
Сенi ойладым, тек сеншi.
Жылусыз жыл жауратты, нұр төксеңшi
Берi, Күн!
Жарқыным,
Сол қайғы ғой –
Жаяуда шаң
болмайды ғой,
Жалқыда үн.
Оранғанда қала шыққа,
Сыр түйiп ап қарашыққа,
Шарпыдың.
Бұлыңғырлау ертең мүлде.
Жасыныңмен өртедiң де –
Балқыдым.
...Арты мұң..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері