Қанатты қыз болсам…

Бұл бетте «Қанатты қыз болсам…» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мынау – менің құндақтаулы жатқаным,
Ана сүтін тұңғыш рет татқаным.

Мынау – менің өзім және бесігім,
Елеңдеймін айтылғанда есімім.

Содан кейін, сірә, біраз жыл өткен,
Мына менің отырғаным түбекте.

Ал мынау – бір жүрген кезім еңбектеп,
Ұмтылғаным сүт құюлы шөлмекке.

Мынау – енді тәй-тәй басып жүргенім,
Мынау – анам, оң жағымда тұр менің.

Сондай-сондай толып жатыр сәттерім,
Ойыншықтар: түйе, сиыр, ат керім!

Бүгін емес,
Ертеңімді уайымдап,
Келешекке қойдым орын дайындап.

Онда былай жазылады:
«Марстан
Қайтқан қазақ ғарышкері – Арыстан!»

Дәл осылай өсіреді мені елім,
Дәл осылай боларыма сенемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанатты қыз болсам… өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қанатты қыз болсам… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанатты қыз болсам… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанатты қыз болсам… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері