Алматы көктемі
Бұл бетте «Алматы көктемі» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 30.09.2024
- 0
- 0
- 1082
Албырт толқын алқынады жаныңда,
Асау сезім талпынады жалынға.
Албырайды, алаулайды ақ жүзің,
Алматының гүл жамылған шағында.
Қайырмасы:
Оралды көктемім,
Жайнашы жаным да.
Алма ағаш көктеді,
Жайнады Алматым.
Әнші құстар сайрайды кеп кеуденде,
Алатаудың құшағына енгенде.
Ақша бұлттар аясында қалқисың,
Алматыға ару көктем келгенде.
Қайырмасы.
Көктем келді шалғындарға, шыңдарға,
Қызғалдақтар құлпырады қырларда.
Ақ періште секілдісің, аяулым,
Алматыда балғын көктем тұрғанда.
Қайырмасы.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі