Геологтар әні

Бұл бетте «Геологтар әні» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шалқар дала, шың-құздармен
Біздер біргеміз.
Түнде жарық жұлдыздармен
Сырласамыз біз.

Қайырмасы:
Геологтар – арман қосқан
Ақ көңілді адал достар.
Айнымайтын, айрылмайтын –
Геологтар, геологтар.

Шалғай өңір, шатқалың да
Жолды бөгемес,
Аязың да, аптабың да
Бізге сөз емес.

Қайырмасы:

Кен іздейміз даламызға,
Соқсын, соқсын жел.
Анамыз да, саямыз да,
Туған Отан, сен!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Геологтар әні өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Геологтар әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Геологтар әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Геологтар әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері