Шамшырақ
Бұл бетте «Шамшырақ» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен әкелдің далаға нұр-шуақты,
Жанымыздың гүлдері бүршік атты.
Асығамыз өзіңмен кездесуге
Көгімізден көрінер күн сияқты.
Қайырмасы:
Шам-шырағым,
Таң шуағым,
Сен жайлы жүректерде
Қалсың әнім
Сенің сәулең жердегі аппақ арай,
Қызығатын шыққан күн, батпаған ай,
Ақ жұлдыздар ұшады көкжиектен
Сенің қолың сілтеген жаққа қарай.
Қайырмасы.
Бақыттысың, сен елдің мақтанысың,
Талай ғасыр тебіреніп тапқанысың.
Мұхиттарды шарлайсың, құрлықтарды
Жер бетінде тыныштық сақтау үшін.
Қайырмасы.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі