Москва консерваториясында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Москва консерваториясында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2129
Шалқыды зәулім залда қазақ әні,
Көшіріп әкелгендей жазираны.
Үнінде сыбызғының келе жатты
Сызылып атып сұлу жаздың таңы.
«Сарыарқа» көкке самғап қақты қанат,
Көсіліп кез алдында жатты алап.
Жанында күй жалыны лап еткендей,
Шабытты Чайковский тұрды қарап.
Не деген нәзік еді шіркін жүрек,
Күйменен қоса толқып тұр дірілдеп,
Қазақтың әндеріне бойы балқып,
Қояды Буденный да күлімсіреп.
Айналып астананың омырауын,
Барады толқып, шалқып қоңыраулы үн.
Сазына симфония араласты,
Құйқылжып Қоян-бүркіт, Балбырауын.
Қазақтың алып келген мол мұрасын,
Бір күйден бір күй артып болды басым.
Тоқтатты Топан күйдің басын тартып,
Қарт қазақ қатты серпіп домбырасын.
1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Москва консерваториясында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Москва консерваториясында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Москва консерваториясында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Москва консерваториясында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері