Келемін саған – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Келемін саған» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аққу-қаздар әнге салып, даланы шарлап,
Аңсап іздеп айдын көлге барады самғап.
Бар бақытым - өмірім саған,
Сенсің, аяулым,
Ақ айдыным менің аңсаған,
Аққу болып келемін саған!

Бал бұлақтар жасыл бақтың құшағын аңсап,
Тау басынан шалқып, тасып ұшады жар сап.
Бар бақытым - өмірім саған,
Сенсің, аяулым,
Жасыл бағым менің аңсаған,
Бал бұлақ боп келемін саған!

Таулар асып, жұпар шашып келеді көктем,
Аңсап самал балғын гүлді өбеді беттен.
Бар бақытым - өмірім саған,
Сенсің, аяулым,
Балғын гүлім менің аңсаған,
Көктем болып келемін саған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері