Өздерің сақтап жүрсіңдер – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Өздерің сақтап жүрсіңдер» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қиналдым талай қыз үшін,
Қыз үшін зәбір көп көрдім.
Қыздардың әсем жүзі үшін,
Нелерді бастан өткердім.
Жолықтым небір күштіге,
Дауылдың көрдім долысын...
Жабысып сеңнің үстіне,
Суға да кеттім сен үшін.

Тірліктен талай қол үздім,
От болып кейде маздадым.
Арқырап ұшқан поездың
Астына түсе жаздадым.
Аман – сау кеттім құтылып,
Талай бір түнгі шайқастан.
Қуалап құзды құтырып,
Құладым талай жартастан.

Үстінде қылдың жүрем кіл,
Көз жұмып барам көп іске.
Жебейді сонда кілең бір
Қыз болып қырық періште.
Ризамын, қыздар, сендерге!
Мен үшін сендер пірсіңдер.
Жазым боп кетер жерлерде
Өздерің сақтап жүрсіңдер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өздерің сақтап жүрсіңдер өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Өздерің сақтап жүрсіңдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өздерің сақтап жүрсіңдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өздерің сақтап жүрсіңдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері