Өлең, жыр, ақындар

Сағыныш

  • admin
  • 01.10.2024
  • 0
  • 0
  • 792
Көктемнің балғын күнінде
Жағаға келіп жаттым да,
Саусағым басы дірілдеп,
Атыңды жаздым ақ құмға.

Білмедің, бірақ сен оны,
Ол жайды ешкім білмеген.
Сол күні тентек жел қолы
Жасыра салған құмменен.

Қоштасып қырлар көп гүлмен,
Жер бетін қырау жапқанда,
Атыңды жазып кеттім мен
Алғашқы жауған ақ қарға.

Түспеді көзің оған да,
Саған да, бірақ жоқ өкпем.
Сол күні соққан боранда
Қар басып қалған кенеттен.

Гүл жапты талай белеңді,
Бұрқады талай ақ боран.
Атыңды сенің мен енді
Кеудеме жазып сақтағам.

Сақтаулы сонда бейнең мен
Сонау бір нәзік күлкің де.
Енді оны менің кеудемнен
Өшіру, сірә, мүмкін бе.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ сауле

  • 0
  • 0

Ақ сауле - Сағи Жиенбаев
Тәтті ұйқының құшағында кең дала,
Бұл аймақта ұйықтамаған мен ғана.
Көзім сонда, ал көңілім ел жақта,

Толық

Бір адам

  • 0
  • 0

Бір адам - Сағи Жиенбаев
Өміріңде көңілің бір құлаған –
Көз алдында тұрады ылғи бір адам.
Алыста ма, жақында ма, кім білсін,

Толық

Қайта оралған қаһарман

  • 0
  • 0

Қайта оралған қаһарман
Рақымжан Қошқарбаевқа!
Қайта оралмай кең жазира далаңа,
Сағи Жиенбаев

Толық

Қарап көріңіз