Махаббат әні

Бұл бетте «Махаббат әні» атты Кәкімбек Салықов жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бұлбұл құс сайда сайрайды,
Махаббат әнін жалғайды.
Аңсаған жаны талмаурап,
Жүрекке әнін жалғайды.

Қайырмасы:
Сайрашы, бұлбұл, сайрашы,
Жан құштар әннен таймашы.
Сақ­сақ күліп, тік шырқап,
Жүрекке жүлде байлашы,

Сәулеме сәлем арнашы.
Сүйеді жаным сондайды,
Жолымды тағдыр оңдайды.
Махаббат әні маздаса,
Айықпас дерттен қорғайды.

Қайырмасы.

Тыңдасам әнші торғайды,
Сұрайды менен сен жайлы.
Шырылдап бірге жүрегім,
Мазасыз маусым орнайды.

Қайырмасы.

07.04.2013.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат әні өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Махаббат әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат әні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері