Бағынған өзен – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бағынған өзен» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2447
I
Аунақшып жатқан кез еді,
Аспаннан жаңбыр жер тілеп.
Текенің тентек өзені,
Теріске ақты тентіреп.
Жағалауда бір лашық,
Жар басында бір шығыр.
Жалғыз құман, бір қасық,
Жерошақта шымшуыр,
Кебежеде жыртық ау,
Керегеде тон, тымақ.
Төсеніші қырық құрау,
Төр алдында көнтулақ.
Жас Тұралы тұратын,
Долы өзеннен су сұрап.
Шығыр мезі қылатын,
Шиқ-шиқ етіп қыңсылап.
Жағалауда бір лашық,
Жар басында бір шығыр.
Жылды қуып жыл асып,
Қөшті күндер бұлыңғыр.
II
Өмірден жаңа от алып,
Қаптады халық қарқындап,
Маңқиған тасты қопарып,
Машина кетті алқымдап.
Жолбарыстай жон төсеп,
Тұңғиық жатты тың тыңдап
Топырлап құлап тоң кесек,
Тозаңы ұшты бұрқылдап.
Тұрғызды халық тоғанды,
Кете алмады су асып.
Долы өзенді доғарды,
Толқын да тынды жуасып.
Баяғы шығыр орнында,
Жарқырайды бір завод.
Баяғы дала жонында,
Электрлі кіл жаңа от.
Жоқ бұрынғы қосы да,
Жоқ бұрынғы мосы да.
Жұлдыздармен жайнаған,
Әрбір үй тұр осында.
Сол үйлердің бірінде,
Қарт Тұралы тұрағы.
Күндіз, түні үйінде.—
Жұлдыз жанып тұрады.
1950
* * *
Ойлашы тау биік пе, жан биік пе,
Деп едің көз жетпестей әр биікке.
Тау дейтін сол тауыңды тауып берші,
Тап қазір бірге болып Магнитте.
Мен тұрмын мұнараның төбесінде,
Тау бізден төмен қалды сенесің бе.
Күші, түсі — бәрі де өзгеріпті,
Болаты тұр адамның денесінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағынған өзен өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бағынған өзен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бағынған өзен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бағынған өзен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері