Шевченко жайықта – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Шевченко жайықта» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2110
Жайықта ақын күбірлеп,
Құпия ойға берілді.
Тасыған өзен дүрілдеп,
Днепр боп көрінді.
Көрінді сонда қайран ел,
Өзендей жатқан еңіреп.
Қайысты сонда қара жер,
Қалғыды ауыр төңірек.
Көзіне сонда ұқсады,
Екі өзен бірге аққандай,
Украин,
қазақ құшағы
Айқасып бір жатқандай.
1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері