Өлең, жыр, ақындар

Не үшін

Көңілімде бір мұң барын жасырдым,
Сезімдерден шаршағасын басылдым.
Жанымдағы адамдардан суынған,
Ей, жүрегім… шаршадың ау шаршадым.

Жақын жанды алыстаған дос қылдым,
Айта алмадым, бәрін іштен бос қырдым.
Үнсіз жүрдім, үндемедім ешкімге,
Үнсіздігім мені неге тас қылдың?

Анау-мынау, өткенді сұрай берме!
Осы неге жылату ұнайды елге?
Анық басып, асықпай жетем әлі,
Ей жүрегім, бұл сынақтан құлай көрме!

Кешіре алмай, мен де кейде шаршадым,
Жақсы көріп, жырақ кеттім, қанша күн…
Алыстау — бұл өкпе емес, бұл — амалым,
Жақын болып көрінгенмен, алшағым…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәңгүрт

  • 0
  • 1

Сөйлеген сөзім, ойлағаным бәрі құр.
Арнаған өлең, шығарғаным өтірік жыр.
Масұм болып көрінгенмен бүгінгі
Мәңгүрт адаммен қазіргі жағдайым бір.

Толық

Қызғанамын

  • 0
  • 0

Басқаның бағы болсаң да, қызғанамын,
Сөндіре алмай кеудемнің сыздағанын.
Күндей болып жылытып жүруші едің,
Айтшы қазір неліктен мұз жанарың?

Толық

Оян қазақ! Көзіңді аш, қара!

  • 0
  • 0

Оян, қазақ! Көзіңді аш, қара!
Құлы бопсың орыстар мен сарыға.
Білім емес, ақша ойлаған
Бас имексің бастық айтқан дараға.

Толық

Қарап көріңіз