Қазақ болып туғаныма мақтанамын
Қазақ болып туғаныма мақтанамын
Бабамның қайсарлығын сақтағанмын
Ойда жоқта еліме қауіп төнсе
бар күшіммен ұрысқа аттанамын
Ұлы дала кең байтақ жерім жазық
Ата бабам осы жерге қақан қазық
Ішерге су,жеуге ас толып жатыр
Ол болмаса Ел басым табады азық
Қазақ болып туғаныма мақтанамын
Кең байтақ жерім бай деп шаттанамын
Келер ұрпақ болашақ жастарыма
Қарттардың аманатын сақтағанмын
Қазақ қайсар далам кең көкте Құдай
Еске алып жадымда сақтап жүрем ұдай
Бұл Қазақ ақылды,ғалым xалық
Хате болса тумас еді Хан Абылай ,ақын Абай
Батырлар көп елін жерін қорғап кеткен
Ақындар көп өлеңдері тарап жеткен
Талай жырау,күйшілер өтіп кетті
Бұл қазақтар бұл далада мекен еткен
Дінім Ислам Раббым Алла мұсылманбыз
Қолын созған адал жанға қол созғанбыз
Залымдықпен арам ойлап бүліккенді
Ол ісі үшін өкіндіріп жер қылғанбыз
Қаным қазақ жаным қазақ қырандаймын
Қазақ туы мәңгі көкте бол деп армандаймын
Арманымда Аллаға шүкір орындалды
Біз алмаған енді қандай орын қалды
Тариxта орнымыз анық аброй биік
Жүрген жоқпыз бетперде жалған киіп
Бір құдырет апарса бабаларға
Қалар едім көтермей басты иіп
Ұлы дала кең байтақ елім аман
Көрген жоқпын туылғалы істі жаман
Мен адассам өмірде ел таңдаудан
Мұндай дарxан,Қазақты қайдан табам?
Модератор
Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.
Kasimhan_777
Жарайды
Aika1998
Өте керемет өлең