Тұрмыз, міне, вокзалда
- 0
- 0
Тұрмыз, міне, вокзалда...
Үлкен де тұр, кіші де тұр, тұр бәрі.
Құлақта тұр таңғы желдің ырғағы.
Сықыр еткен кей ботинка табаны
Бұл бетте «Қос аққу» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұрмыз, міне, вокзалда...
Үлкен де тұр, кіші де тұр, тұр бәрі.
Құлақта тұр таңғы желдің ырғағы.
Сықыр еткен кей ботинка табаны
Жұмыр жерді түгел көріп өтем деп,
Мен отырмын бір төбені мекендеп.
Анда барсам мына жақты көрмеймін,
Мында келсем ана жақты көрмеймін.
Аспан жаққа шақырады мені өлең,
Шақырады аспан төніп тұрып төбеден.
О, жұлдыздар, алыс едің сен неткен,
О, жұлдыздар, жақын едің не деген!
Көк те жұлдыз, жер де жұлдыз – бәрі ұшқын,
Жұлдыздардың сәулесімен жарыстым.
Тербеледі теңіздері сәуленің,
Сол теңізге батып-шығып әуремін.
Уылжып тұр, күмілжіп тұр бар маңай –
Көктем деген осы екен ғой… арман-ай!
Гүл төсіне қонақтаған көп бояу
Көз шіркінді қояр емес арбамай.
Сағымды таң, самала таң, нұрлы таң,
Тыныштыққа қарауыл боп тұр бұтаң.
Боз сәулеге беті-қолым жуып ап,
Сұлулықтың мөлдірінен бір жұтам.
Нұрила
Осы да өлпң ба енді)) Қара сөздің қадірін кетірген ақынсымақтар