Өлең, жыр, ақындар

Соңғы үміт

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Сағынасың, іздейсің, тырбынасың,
Ол жанды бұл дүниеден таба алмассың.
Білмейсің не істеріңді жалғыздықтан,
Қалғансың бауыр басып, араласып.

Күтесің таң атырып, кеш батырып,
Келер ме, сол жаннан бір алып-ұшып?
Телефонға телміріп жүрген кезде,
Білмейсің біраз жылың кеткен ұшып...

Күтесің. Күту менен жылдар өтер,
Сол жылдарда бір өзіңді аңсап өтем.
Аңсауменен алаңдап жүрген кезде,
Аңсарым адастырып алмаса екен.

Мүмкін сағынбайын, іздемейін,
Келер өзі біз танысқан күзге дейін.
Қарай берем әр көліктің ақ түсіне,
Түсіп қалар ішінен періштейін.

Қойғанбыз махаббаттың мұнарасын.
Кеткенбіз болашақтың қалауы үшін.
Уақыт өте, жүздесіп сана биігінде,
Сол уақытта құрармыз- махаббат мұнарасын!

Авторы: Нұрдәулет Серікболатұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңғы үміт өлеңінің авторы кім?

Нұрдәулет Серікболатұлы  — осы өлеңнің авторы.

Соңғы үміт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Соңғы үміт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрдәулет Серікболатұлы  өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соңғы үміт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.