Бұл бетте «Тыңда, мені, қарағым» атты Төлеген Жанғалиев жазған махаббат туралы өлең берілген.
Тыңда, мені, қарағым,
Тұрған кезде сөз бүтін.
Төрге жеткен аяғым,
Көрге жетпес деймісің.
Босағамнан боз таңым,
Боздап шықпас деймісің.
Мен өмірден қорқамын,
Өлім менің өз-құтым.
Күйме мінген күндерден,
Түйме қалмай көрерлік.
Қанағатқа үйренген,
Қара жұртқа теңелдік.
Бай баратын қара жер,
Байқұсқа да бұйырар.
Қазір кінә таға бер,
Қасыңда ертең ұры-қар.
Мейлі бүгін кеуде кер,
Мен-меніңнен жел есер.
Жерде жүрген пенделер,
Көрде бірақ теңесер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі