Түн жөтеліп, ауырса Күн – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Түн жөтеліп, ауырса Күн» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1376
Түн жөтеліп, ауырса Күн,
Жан жағымнан жабылса мұң,
Сені көріп жадыраймын,
Балапаным, бауырсағым.
Өз бақытын кім жүр аңдап?
Көрмеппін-ау бір жыр арнап.
Құлыным-ау! Құлдығым-ау!
Құнжыңдаған құлдыраңдап.
Әлденені сұрап жатыр,
Қылығында жұмақ жатыр.
Жұпарынан ішіп көрші
Шөл қанбайтын бұлақ жатыр.
...Қалсын қарыз өтелмеген?
Бәрін тастап кетем дегем...
Сені ғана қимайды екем,
Қонжығым-ау, тепеңдеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері