Мақсат емес мәңгілікке айналу – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Мақсат емес мәңгілікке айналу» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1889
Мақсат емес мәңгілікке айналу,
Мені бірақ мәжбүр етті өлмеуге.
Мәңгілікке алып келді ойлану,
Оянғанды асықпаңдар жерлеуге.
Не итерді өлмес өмір жолына?
Ұсақ тірлік аласалық етті ме?
Кісен сала алмағандар ойыма,
Жүгіріп жүр мола салып, тек, түге...
Бізді жұлдыз және ғасыр бөліп тұр,
Бір күн мен де жоқ боламын араңнан.
Мәңгілікті мәз болыңдар көріп бір,
Мен құтылам ашкөздік пен араннан.
Мені өлім ала алмады. Ар алды.
Құлыншақпын қос әлемді тел емген.
Мәңгілікпен жалғау үшін арамды
Көпір салдым өлмейтұғын өлеңмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері