Талай рет сезімге ерік бергем – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Талай рет сезімге ерік бергем» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3016
Талай рет сезімге ерік бергем...
Мүмкін, көктем түсінер еріп көрген...
Ант берем де сүймеуге енді ешкімді
Қайта ғашық боламын неліктен мен?
Жүдеп көңіл титықтап сағыныштан,
Бұлтпен дос боп кетуші ем жаны құстан.
Соның бәрін ұмытқан бір-ақ сәтте
Қайт дейсің бұл жүректі алып ұшқан?
Жасырынып біреуден... Қашып... Тоңбай...
Жатсам деп ем самарқау, тасып-толмай...
Мүмкін емес екен ғой жүрек барда
Өмір сүру біреуге ғашық болмай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері