Өлең, жыр, ақындар

Мадама

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 768
«Қазақта әйел күң» дейміз,
«Күңдікте әлі жүр» дейміз.
«Кінәлі оған ескі әдет»,
Ескі әдетті тілдейміз.
Бастаушы аз, жұмыс көп,
«Баста» деп жұртты үндейміз.
«Кісі жоқ» деп үнемі,
Жылаймыз, неге күлмейміз?
Жеңгейдің аты «Мадама»
«Мадама» демей бола ма?
Дәл «мадама» пішіні,
Бүлкілдетіп бөксесін,
Тықылдатып өкшесін,
Қаратады кісіні.
Алтын жүзік жалтылдап,
Маржаны оттай жарқылдап,
Mac қылады жеңгейді.
Шым жібекке бөленіп,
Жаны жайлы кенеліп,
Міндетін жеңгей кермейді.
Аққудай төсі керіліп,
Басуға аяқ ерініп,
Күндіз үйден шықпайды.
Кеш болса кино, театр:
«Жұмысты бүгін қоя тұр».
Ағай көңілін жықпайды.
Опалап бетін ағартқан,
Ерніне қызыл жалатқан,
Сыланған тоты сықылды.
«Мадама» ма, жеңгей ме?
Көзі құрғыр сенбей ме,
Емес еді ол түрлі.
Ағайда бір тыныс жоқ,
Жеңгейде түк жұмыс жоқ,
Ойын-сауық баққаны.
Опа, бояу, жібекке,
(Не деген жеңгей желөкпе!)
Ағайдың бар тапқаны,'—
Кетеді де тұрады.
Жеңгейді ағай сылады,
Жеңгейде басқа тілек жоқ.
«Мадама» ма, жеңгей ме?
«Мадама», көзің көрмей ме?
Бірақ деуге жүрек жоқ.
Ел әйелі қараңғы,
Өсір деп оған санаңды,
Қақсаймыз да жүреміз.
Саналысы көп емес,
Бұлай қою еп емес,
Оны да жақсы білеміз.
Көзі ашық жеңгей бастаса,
Жалқаулықты тастаса,
Берер еді көп көмек.
Барлық жеңгей іс істе,
Қараңғыны кісі етсе;
Әйелге басшы сол дер ек.
Олай болса «мадама»,
Бұлай жүріп бола ма?
Шолжыңдықты жойыңыз.
Күңдікте жүрсе жынысың,
Салдығың сенің құрысын,
Жұмысқа мойын қойыңыз.
Ағай, сіз де ойлаңыз,
Тым ерке ғып қоймаңыз,
Жеңгейді іске жегіңіз!
Тым «періште» етпеңіз,
Тым пенде боп кетпеңіз,
Ретсіз ісін сөгіңіз.
Біздің тұрмыс қоғам ғой,
Біреу ол, біреу бұған ғой,
Жеңгей де соған қатыссын.
Білгенін жұртқа үйретіп,
Өз жүгін өзі сүйретіп,
О да іске жатықсын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүт заводы

  • 0
  • 0

Мәз-мәйрам боп, қарқ-қарқ күліп қатындар,
Шуласады: «Жылдамырақ тартыңдар!»
Күр-күр етіп зырылдайды доңғалақ,
Күлімдейді өңкей «нашар-пақырлар».

Толық

Сырласу

  • 0
  • 0

«Советтік сөзге қаламы
Көрмеген әсте мұқалып
Мұны жазған адамы —
Кәдімгі Сәбит Мұқанов».—

Толық

Балқаш

  • 0
  • 0

Кешегі құлан өтпес бұл батпақ шөл,
Көрмеген орын теуіп мекендеп ел,
Ормансыз, бетегесіз, сусыз, құмсыз,
Үйіріп қу топырағын есетін жел.

Толық