Ескерту

Бұл бетте «Ескерту» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бауырларым,  бар болыңдар дін-аман,
Жаратқаннан соны ғана сұранам.
Қатты айтты деп сөгерсіңдер, ренжіп..
Қайтем енді... Қызғанамын күнәдан!

Мен қиналсам,  менен бұрын жылаған,
Өзіне емес,  маған бақыт сұраған...
Жүрегін де маған жұлып беретін,
Бауырларға алаңдамай тұра алман.

Сол себепті  сендер үшін алаңдап,
Ескертемін.. ойбайлаймын, аттандап.
Тәубе етуге асықпаған қанша адам,
Қабірінде жанып жатыр алаулап..

Мені әрине мазақ қылып күлерсің,
Бәрін кейін қайтқан кезде білерсің.
Жүрегімнің бөлшектері-ау,  сендерді,
Уайымдамай қалай өмір сүремін..?!

Ұрпағымыз суымасын жат болып,
Бірін-бірі сынап-мінеп, жек көріп.
Ақынмын ғой,  суықтықтан қорқамын,
Туыстықты нық ұстайық бір болып.

Мен емеспін — мұсылманның үлгісі,
Мен емеспін — ел сыйлайтын пір кісі.
Бар болғаны қарапайым әйелмін,
Келетұғын бақытты өмір сүргісі..!

Бақыт деген - амандығы бауырдың,
Тура жолда жүргей әрбір бауырым.
Жаратқанның мейірі түсіп, ылайым,
Хақ жолынан барлығың да табылғын.

Жақсылыққа шақырмасам жақынды,
Тоса алмасам жаһаннамнан бауырды.
«Туыс» деген атты қалай ұстанам,
Кешіріңдер болып кетсем ақылшы...


12.07.2023


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескерту өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Ескерту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескерту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескерту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер