Зырлап кетіп барады – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Зырлап кетіп барады» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2526
Жұлдыздар ұйықтап таң алды,
Табиғат — ана мүлгіген.
Құшақтап байтақ даланы
Қарсы алдым шыққан күнді мен.
Дүние көзі дөңгелеп,
Көтерілді жоғары.
Аспанда алтын әңгелек,
Зырлап кетіп барады.
Бұйра, бұйра бұлттардан,
Бара жатыр ол озып.
Сәулетіне сұқтанған,
Жер қарайды қол созып.
1956


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері