Ағаның ақылы – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Ағаның ақылы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ие болсаң жақсы атқа,
Жетем десең мақсатқа,
Ұстамды бол әрдайым,
Тәртіпті бол қақ-соқта.

Сабыр сақта, аптықпа,
Ұрдажыққа соқтықпа.
Қадамыңды аңдап бас,
Қорлық жоқ қой сақтықта.

Ұқыпты бол ісіңе,
Қамқоршы бол кішіге.
Қариялар жолықса,
Қол ұшын бер кісіге.

Ізет көрсет ағаға,
Ініні де бағала.
Жақсылыққа үйір бол,
Жамандыққа жолама!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағаның ақылы өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Ағаның ақылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағаның ақылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағаның ақылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері