Біздің көктем – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Біздің көктем» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

Көктем келді, көк шықты,
Көкпеңбек боп шөп шықты.
Қозы мен лақ жесін деп,
Былтырғыдан көп шықты.

Сиыр суға барады,
Жылқышы атпен шабады.
Шопан қойды қайырып,
Өрісіне салады.

Бұлақтарым бұлқынды,
Өзендерім жұлқынды.
Жүйрік, жорға тай болды,
Құлындары былтырғы.

Кісінейді құлындар,
Маңырайды қозы-лақ.
Мөңірейді бұзаулар,
Біздің көктем қызық-ақ!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің көктем өлеңінің авторы кім?

Нұрмұхан Жанұзақұлы — осы өлеңнің авторы.

Біздің көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Біздің көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері