Күңкіл-шүңкіл әңгімеде жоқ үміт –
Мақпал Жұмабай
Бұл бетте «Күңкіл-шүңкіл әңгімеде жоқ үміт» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күңкіл-шүңкіл әңгімеде жоқ үміт,
Өткен күнді өмір өзі безбендер.
О, жасаңдар, арпалыстар астында
Шындық барын сезгендер!
Буырқанған, буырқанған Іледей,
Менің мәңгі тасуымды тіле, Күн.
Терезелі тіршіліктің түбінде
Адалдықтың барын анық білемін.
Жер бетінен іздеп жүрмін ес-түссіз,
Қайдасың-ей, ақиқаттың семсері?
Қалам, далам, сол ақиқат келгенше
Қаламыммен сүйей тұрам мен сені!
Қаламыммен сүйей тұрам мен сені!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі