Кіші Алматы – ботана – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Кіші Алматы – ботана» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кіші Алматы – ботана,
Әз Әлмерек күмбезі тұр жотада.
Ботанаға басу айтып жатқандай
Әлмеректің үш бұлағы. О, тоба!
Кіші Алматы. Бұрқ-сарқ ботана.
Ботанадан ұшқан тамшы босама.
Тереңдік пен тентектіктің бағасын
Үнсіз айтып тұратындай осы ара.
Ботана су бойымдағы алаңды
Сездіргендей алды әбден мазамды.
Алатаудың шырша кірпіктерінен
Сүртіп-сүртіп үлгермедім тозаңды.
Ботана су бойымдағы ашу мен
Бұлқынысты білдіресің тасумен.
Жасымашы, жағаңдағы балдырға
Жас тамшыңды жалықпастан шашуда ем!
Бір жағымда - мөлдір бұлақ тынысы ән,
Бір жағымда – ботана су үні сан.
Ұлы өмірдің екі беті сяқты
Қараймын да екеуімен ұғысам.
Ботана су жағасында ақ тұма,
Бала күнім, балақ түріп шапқыла.
Жаратылыс. Ботана су. Үш бұлақ –
Жарасып тұр жарқабақтың астына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кіші Алматы – ботана өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Кіші Алматы – ботана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кіші Алматы – ботана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кіші Алматы – ботана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері