Шошқа

Бұл бетте «Шошқа» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1799
Шошқа байдың қорасынан көрінді,
Атқораға, ас үйге де емінді.
Қопыратып қоқысты да көңіңді,
Жуындыға шомылды.
Оралды ол үйіне
Нағыз Шошқа күйінде.
«Ал, Шошеке, сен ол жерден не көрдің? –
Деп Шошқадан сұрады. –
Айтшы мынаны,
Байдың мүлкі тек асылдан тұрады,
Дегендері рас па екен көп елдің?»
Қорс ете қап деді Шошқа: «Жоқ, ә, бір,
Айта салған мұндй сөзге сенер кім?
Бар байлығы – боқтық, қоқыс, көң әрі.
Аямай күшімді,
Сыртын да, ішін де
Қопардым қораны».
* * *
Құдай ақы, бұл айтқаным масқара,
Қалайынша теңемессің Шошқаға,
Кейбіреулер қай істе де бассала,
Көз салмаса кемшіліктен басқаға?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шошқа өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шошқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шошқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шошқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері