Жұбату
Бұл бетте «Жұбату» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қатпар-қатпар бұлт көшеді төбемнен,
Том-том болған сөз көшеді көнерген.
Аспан жерді қақ айырса, шындығым,
Құшақ-құшақ өтірікке сенер ме ең?
Қоңыр-қоңыр ой өрбітіп санамнан,
Жақпар-жақпақ құздарыңнан нәр алғам.
Менде бары еркіндік пен құштарлық,
Мен солардан жаралғам.
Ебіл-дебіл ақтарсам да сырымды,
Ағыл-тегіл кім түсінер мұңымды.
Мен кеткен күн ескі жаққа жол алып,
Төгіп-төгіп жіберерсің жырыңды.
Өксіп-өксіп ол жылайды сол күні,
Толқып-толқып көл жылайды сол күні.
Нөпір-нөпір ел жылайды сол күні,
Мөлт-мөлт етіп Сен жылама сол күні.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі