Ессіздік – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Ессіздік» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кенже жаңбыр,
Қараңғылық қойнын тілгілеп,
сеуіп тұр шаң басқан жолдарға.
Теңге тағдыр,
Жолдардың сорабын сүргілеп,
Адамдар адаспай жетуін тілейді таңдарға.
Көгілдір түннің,
Әзіл шашырап тілінен
Өзекке түседі өксік.
Алқызыл күннің,
Шуақ шашады бүрінен
Молда торғайдың дауысын естіп.
Сол сәтте...
Бұралып белі,
Оянып ұйқыдан ару
Тарқатып өреді бұрымын.
Тұралық деді,
Сүйікті жары
Бір тамшы мейірімге зәру.
Адасып кеткен,
Бақыттың іздейді сұрығын.
Ол үшін,
Керек ғой сол жаққа бару.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ессіздік өлеңінің авторы кім?

Нарқұлан Райханұлы — осы өлеңнің авторы.

Ессіздік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ессіздік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нарқұлан Райханұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ессіздік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері