Көңіл де бүгін басылған – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Көңіл де бүгін басылған» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көңіл де бүгін басылған,
Жасырғаным көп ғасырдан.
Өткергенім бар басымнан,
Бес күндік мына өмірде,
Пенде де болып тасынғам.

Түңілгенім көп өлмедім,
«Білемін» дедім, білмедім.
«Сүйемін» дедім, сүймедім,
Сынағында сындым Алланың,
Болмады сабақ түйгенім.

Құлақ жоқ жерде мақтандым,
Жүрек жоқ жерде шаттандым.
Тілімнен қайғы тапқанмын,
Мүмкін мен талай адамның,
Аузында сөз боп қақталдым.

Жылтырығаннан да жеріндім,
Жаны жоқ сөзге семірдім,
Содан соң...іштей егілдім...
Дөңгеленген мынау дүние ,
Дымымды қалмай кемірдің...

«Алла» деп тілім сайрайды,
Қолымды қулық байлайды,
Жанымды жындар жайлайды,
Төсекке тәнім тиген соң,
Өзімнен қашам сол қайғы.

Тереңге жетіп тамырым,
Мәңгі өмір сыйла Жарығым.
Анамның қалған арымын,
Барымды шашып алмайын,
Сарқыла көрме сабырым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл де бүгін басылған өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Көңіл де бүгін басылған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл де бүгін басылған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл де бүгін басылған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері