Аппақ жұмыртқадай боп аршыламын да – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Аппақ жұмыртқадай боп аршыламын да» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аппақ жұмыртқадай боп аршыламын да,
Ыстық деміңе малшынамын ба?
“Сүйем” деп мені құрақ ұшпағын,
Көзімде қалсын қуаныштарың.
Менімен іштей жарасар жаның,
Таудай боп тұршы аласармағын!
Күн қондырам деші ала таңыма,
Ай әкеліп берші алақаныма...
Музалар үнін жазсын аспанға,
Бейкүнә әлем бүрін ашқанда!
Табиғат сүйер әнімді салдыр,
Жаныштап барып, жанымды қалдыр!
Ернімнен сезіп еркелігімді,
Өлтіріп алмай, өрте-мұңымды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері