Біздің сезім өлшенбеген бір түнге – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Біздің сезім өлшенбеген бір түнге» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біздің сезім өлшенбеген бір түнге,
Келуің де, келмеуің де, еркіңде.
Өзім жайлы ойлауды да ұмыттым,
Ғашық болып жүрмін осы мен кімге?
Ізгілік кеп жығылды ма жолыма,
Бұл уақыттың соры ма әлде, бағы ма?
Күткен кеште келмейтінің ақиқат,
«Кешір» дейсің, күле салам тағы да.
Сүйем дейсің, сүйгендігің осы ма?
Сүйген адам жетеді ғой асыға.
Сені іздеп бір қыз отыр, бұл өмір,
Мұнша бақты қалай қиды басыңа?
Қайтем енді солай болса сынағың,
Жұмысың мен үйің болды тұрағың.
Күтіп тұрып, кінәләймін, кешірмей,
Көріп, тұрып көздеріңнен ұғамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері